Бүгінде жасы 60-тан асқан Назгүл Ахунова есімді әжей өзінің немерелерін бақпайтынын ел алдында жайып салды.
Ең кенже баласын 48 жасында өмірге алып келген Назгүл әжей өзінің жеке өмірі бар екенін, алайда немерелеріне уақыт бөлуге тырысатынын жасырмады.
«Қарсы қойып жатыр…». Үлкен қызы Абай Бегейді шілдеханаға шақырмай, жүрегін ауыртты
“Мен олар үшін жанымды беремін. Бірақ олардың соңында ойын алаңдарында жүгіріп жүрмеймін.
Бірақ оларды демалыс орындарына жіберіп тұрамын. Қажет деген заттарын әперіп тұрамын.
Олардың бәрі үйге бірден қыдырып келсе, мен үлгере алмай қаламын ғой. 13 немереме кезекпен келіңдер деймін.
«Әкесі сұра деді ғой…». Төреғали Төрәлінің ұшақтағы дауына қатысты министр жауап берді
Менің де жеке өмірім бар. Жолдасымыз екеуміз шахматқа, концертке барамыз. Одан бөлек өзімнің құрбыларыммен аптасына екі рет суға түсуге барамыз.
Тағы жұма мен жексенбі арасында той-томалақ, құран оқытуға барамыз. Немереге де уақыт табуға тырысамыз.
Бірақ өзімнің балаларымды өмір бойы өсірдім. Енді өле-өлгенше немерелерімді баққым келмейді. Оны өзінің әке-шешесі бағу керек”, – деді Назгүл Ахунова.