58 жасында алғаш рет ана атанған Оралхан Байзақова елді таңғалдырды.
Байзақованың күйеуі 55 жасында қаза тауып, ол “балалы болсам” деген арманынан біржолата күдерін үзген.
«Өзімнің көрпемде…». «Қалаулым» бағдарламасына 81 жастағы қария үміткер болып келді (видео)
“Үйленгеннен кейін үш рет түсік жасаттым. Үш рет ЭКО-ның көмегіне жүгіндім. Еш нәтиже болмады. Сөйтіп жүргенде күйеуім қайтыс болды. Жасым 55-ке келгенде ана болудан үмітімді үздім. Ең болмаса, балалар үйінен асырап алайын деп ойладым.
Жетімдер үйіне барып едім, дәрігерлер маған “Сізде ештеңе жоқ. Қалай асырайсыз?” деп айтты. Балалар үйінен үмітім үзіліп шыққанда, бірден Райымбек атаның басына бардым. Сол жерде 2,5 жасар бала жүр екен.
Қатты қызығып тұр едім, бір кісі шығып “Не тілеп едіңіз? Райымбек ата тілегіңізді қабыл етті” деп айтты. Осыдан кейін сол кісінің нұсқауымен біраз әулие-әмбиелерді араладым”, – деген Оралхан 56 жасында ЭКО жасатуға шешім қабылдаған.
“Мен бір жағынан қорқып, бір жағынан таңғалып дәрігерден: “Сіз менің жасымды сұрамайсыз ба” дедім.
Дәрігер жасымды білетінін айтып, қажетті дәрілерді жазып берді. Екі аптадан кейін орталыққа қайта келуім керектігін де ескертті. Уақыт өткен сайын, тест жасауға қорқып жүрдім.
Баламның үш айлығына дейін аяғымның ауыр екеніне сенбедім. Құдайдың құдіреті ғой, 58 жасымда қызымды дүниеге алып келдім. Бұрын мінезім қатал болса, қазір бала мені өзгертті”, – деді Байзақова.