Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Лохтар ғана…”. Екі әйел алған семейлік жігіт ер-азаматтарға ескерту жасады

167

Неге екінші әйеле алды деп ойларсыздар? Бірінші әйелімнен 4 қыз бар. Соңғысына аяғы ауыр болғанда, денсаулығы сыр беріп, қайта бала көтере алмайтындай болып қалды. Ал мен үйдің жалғызымын, соңымнан тұяқ қалдыру керек болды. Сөйтіп, әке-шешемнің, әйелімнің рұқсатымен екінші әйел алдым.

https://kaz.365info.kz/ariptesteri-nyrbolat-abdullinnin-khypiyasyn-ashyp-khojdy-video-330244

 

Қазір бәрі мұны естіп, сөгетін шығар. Бірақ егер әйелің рұқсат берсе, ата-анаң қарсы болмаса мұндай әрекетке баруға болады деп ойлаймын.
Кәсібім, шаруашылығым бар. Екеуінің де жеке пәтерлері, көліктері бар. Екінші әйелімнен құдайға шүкір екі ұл сүйіп отырмын. Өмірімдегі осы өзгеріске еш өкінбеймін”, – дейді ер адам.

Сонымен бірге, ол екі әйел алудан қорықпау қажеттігін айтты.

 

https://kaz.365info.kz/nagyz-natasha-boksesine-khyshakh-zhetpejtin-arman-model-foto-video-18-330249

“Екеуінің жас ерекшелігі жер мен көктей. Бірақ, ешқашан сөзге келген емес. Туған күн, түрлі мерекелерді бірге атап өтеміз.
Негізі қазір ондайлар өте көп. Тек бәрі айтуға ұялады. Мен де алғашында бәрімен араласпай, туған-туыстан алшақтап кеткен едім. Қазір ұлдар дүниеге келген соң, көбі түсіністікпен қарауға тырысады.

Азаматтарға айтарым, елдің сөзінен қорықпаңыздар. Тағдырдың жазғаны бәрібір болады. Ұрпақсыз қалғанна гөрі, екінші әйел алып, атаңның ұрпақтарын жалғастырған дұрыс деп ойлаймын”, – дейді отағасы.

 

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз