БҚО-да 17 жастағы қыздың өліміне әскерден жаңа келген жігіті күдіктелуде.
Күдікті әскерден жаңа келген. Бірақ бойжеткен жақында екеуінің ара қатынасын үзген.
Дана Өтеғалиева мектепті жаңа бітіріп, ресейлік университетке оқуға түскен.
«Оның отбасындағылар жақсы адамдар. Анасы аудандық ауруханада жұмыс істейді. Әкесі күзетші болып жұмысқа орналасты. Бұрын поштада істеген. Дана сабақты жақсы оқыды. Шілденің соңында Ресейге кетпек болды. Жаз айында жергілікті мейрамханаға жұмысқа орналасты», – дейді кафе басшысы Жаңылсын.
«Сол күні Дананың анасы жұмыста болған. Әкесі ұйықтап жатқан. Қыз шыққан кезде, оны өлтіріп тастаған. Кейін денесін ағаш арасына тастап кеткен», – дейді Жаңылсын.
Жергілікті полицияда күдікті Асхат Темірбаевтың ұсталғанын айтты. Істі облыстық ІІД жүргізеді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 28 шілдеге қараған түні болған еді.