Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мамандары бірінші жерасты дүмпуін 26 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 23.29-да тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа 111 шақырым жерде – Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ ауылының маңында болған. Зілзаланың энергетикалық класы – 12,1, тереңдігі – 30 шақырым, магнитудасы 5,7-ге тең. Жер сілкінісі 2-3 балл түрінде сезілді. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ екені айтылады.