14 шілде күні тауда жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақас әлі табылған жоқ. Құтқарушылар баланы Қырғызстан шекарасына дейінгі аумақтан іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әзірге нәтиже жоқ. Бүгін құтқарушылар екі бағытқа бөлінді . Баланы іздеу аймағы 25 шақырымға кеңейеді. Құтқарушы топтың біреуі батысқа қарай, екіншісі шығыс жақ аумақты іздейді. Сондай-ақ, іздеу шараларына облыс әкімдігінің өкілдері мен 2 депутат қосылды. 15 адам атқа қонып, 40 полицей, әкімдіктің 6 қызметкері белгіленген аймақты сызба бойынша іздеу жұмыстарын жүргізеді. Иісшіл иттерді жетектеген топ жыра , шатқалдарды аралауда. Құтқарушы топтың бір бөлігі Қырғызстан шекарасына дейін созылған аумақты тексеруге шықты»,-деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.
7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.