Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда енді ұялы телефон нөмірі бойынша төлемдер қабылданатын болады

135

Оның айтуынша, онлайн-сақтандыруды енгізу жобасы халыққа міндетті сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының интернет – ресурстары арқылы электрондық нысанда жасасуға мүмкіндік береді.

«Сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкі жанынан лезде (жылдам) төлемдерге арналған инфрақұрылымды ұйымдастыру бойынша жүйе платформасы құрылады. Ол банктердің клиенттері арасында жылдам режимде мобильдік телефон нөмірі бойынша төлемдерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде жүйенің функционалы пысықталу үстінде, пилоттық режимде оны іске қосу ағымдағы жылдың 3-тоқсанының соңына жоспарланып отыр», – деді Ұлттық банктің басшысы.

Ол қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің цифрлық ортада кибершабуылдар мен алаяқтық іс-қимылдарға қарсы тиімді әрекет ету үшін жүйелі шараларды пысықтап жатқанын қоса айтты.

«Сонымен қатар Ұлттық банк жаңа технологиялар мен шешімдерді ендіру, яғни «реттеу ортасын» құру үшін ерекше құқықтық реттеу режимін қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Аталған жобаларды ендіру қаржы секторында цифрлық сервистерді дамыту үшін негіз болады», – деп қорытындылады Д.Ақышев.

  • Айта кетсек, еліміздегі Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен жүзеге асырылуда.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз