Синоптиктер Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында күннің күрт ысуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
28-30 күндері күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында ауа температурасы 43°С дейін көтеріледі.
Ал 30 маусымда Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында күн қатты ысып, ауа температурасы 40-41°С жетеді.