Ұлы отан соғысы кезінде қаза тапқан атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізілді. Майданға қазіргі Құрманғазы ауданынан 21 жасында аттанған Құспанғали Боранбаевтың қаңқасын бірлесіп жұмыс жасаған қазақстандық және ресейлік іздестіру топтары Новгород қаласының маңынан тауыпты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
1943 жылы Новгород облысының Парфинский ауданы маңында ерлікпен қаза тапқан сарбазға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Қаладағы жеңіс саябағында салтанатты шара ұйымдастырылып, сарбаздың сүйегі туыстарына табысталды.
“Менің әкемнің әкесінің туған інісі. Енді біздің міндетіміз әрі қарай туған жеріне, өзінің бауырларының қасына осы сүйекті апару, сол жақта қазақша салтпен барлық дәстүрлерін ұйымдастыру”, деді туысы.