Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Рейтингі жоғары мамандар жоғары жалақы алады

1372

Бірыңғай база әлеуметтік қызметтерді тұтынушылар үшін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігін ұсынады. Сәйкесінше,

рейтингі жоғары қызметкерлердің жалақысы да жоғары болады, деп жоспарлануда.

Одан халықтың ұтатын тағы бір тұсы, әлеуметтік қызметкерлер арасында сапалы бәсекелестік орнап, ол халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасының мейлінше көтерілуіне жол ашады.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның әлеуметтік саласын цифрландыру/ақпараттандыру мақсатында еңбек-әлеумет саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін де ары қарай дамытуды жоспарлауда. Ол жоспарда «Әлеуметтік қызмет тұтынушыларының жеке электронды карталары», «Жоспарлау»,«Қызмет көрсетушілер», «Байланыс орнату», «Кадрлар» және «Мониторинг» деген түрлі бағыттарда ақпараттық жүйелер енгізілмек.

Әлеуметтік қызмет көрсету – Бірыңғай базасын негізгі эталондық базаларға қосыла алатын ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру жоспарланған.

Әлеуметтік сала қағазбастылықтан толықтай арылып, ақпараттық-сандық жүйелерге ауысуы тиіс.

Юрий Оксамитный

2017 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өткен Әлеуметтік қызметкерлердің бірінші форумы аясында Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный Қазақстан билігінің әлеуметтік бағыттағы бастамаларына жоғары баға берген болатын.

«Әрбір әлеуметтік қызметкерде қызметті тұтынушының электронды түрдегі тарихы болса – бұл әрине, тұтынушыға не қажет екенін жылдам анықтауға, оған нақты қандай қызмет, қандай үлгіде қажет екенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай өзгерістер ең алдымен әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігінің артуына айрықша әсер етеді. Жүйені ақпараттандыру мен әлеуметтік жұмысшылардың біліктілігін арттыру – жалпы жүйені модернизациялаудың маңызды тетігі санаймын», – деген еді ол.

Сондай-ақ, Юрий Оксамитный Қазақстан Үкіметі жүзеге асырып отырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ішінде әсіресе әлеуметтің саланың айрықша орында екенін жеткізген.

  • Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз