Айсәуле Бақытбек желідегі өзіне тағылатын сыннан шаршапты. Баян Алагөзованың қызы жас болса да, қоғамдық мәселеге қатысты ойын ашық айта алатынына сенімді.
Бұл орайда ол көзқарасын ашық білдіруде өзіне тоқтау салмауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Маған үнемі жұрт: “Жассың, сондықтан ақылсынудың қажеті жоқ” деп жазады. Сенбейтін шығарсыздар, бірақ тіпті жақындарым солай айтады. Сіздерге қояр тек бір сұрағым бар, “неге жастардың қоғамдық мәселелерге, саяси нәрселерге өз көзқарасы болмауы керек?”.
Иә, мен 100 жыл жасаған жоқпын, бірақ меніңше жастар қоғамды қалыптастырып, келесі ұрпақтың қалыптасуына әсер етеді. Менің 21 жастағы көздерім жақсы көреді, менің жас жүрегім мықты сезеді, ал менің миым жаңа ақпаратты тез қорытады. Мен Z ұрпағына сенемін және оның лайықты өкілі болғым келеді.
Мен үлкен адам өз сөзін айтқанша күтіп отырғым келмейді. Онымен келіспесем, айтамын.
Менің толқынды рухымды белге тығып қоя алмайсыздар. Менің әрқашан өз көзқарасым болған, тіпті бала күнімде мен көптеген ұстаздарыммен келісе бермейтінмін.
https://kaz.365info.kz/ajsaule-bakhytbek-men-seks-sabakhtaryn-algam-video-312183
Тіпті, кейде өз өмірін ретке келтіре алмай жүрген “ересектерден” кеңес естудің өзі мен үшін жабайылық болып көрінетін. Мен үлкендерді қатты құрметтеймін, бірақ бұл мені сөз құқығынан айырмайды.
Барлықтарыңызға рақмет, сіздердің кеңестеріңіз керек емес, мен өзім қателесіп, содан сабақ алғым келеді”, – дейді Айсәуле.
https://kaz.365info.kz/ajs-ule-ba-ytbek-kem-birneshe-ajdan-beri-anamnan-keshirim-s-rap-zh-r-223854