Күні кеше көшедегі жеңіл жүрісті қыздарды сабап, елге үндеу жолдаған Жан Ахмадиевке өнер иелері қарсы шықты.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Заманауи жыраудың ісін сынағандардың алғашқылары Айжан Байзақова болды. Ол Ахмадиевке «Тек әйелдерге күшің жетеді. Мықты болсаң, қыз зорлағандар мен Шымкенттегі жеті жасар баланың ісіне кінәлілерді саба», – деп жазды.
«Бұрын біздің батырлар қылыш алып жерді жаулаған. Қазіргілер тек жезөкшелерді қамшымен қууды біледі. Сондай-ақ оны мақтаныш көріп видеоға түсіреді.
Ең қорқыныштысы, мұны қоғам қошеметпен қабылдайды. Қоғамның құлдырауы деген осы.
Құқық қорғау орындары мұны текке қалдырмас деген ойдамын», – деп жазды Instagram парақшасында.
https://kaz.365info.kz/ketti-onyn-betin-byzyp-zhan-ahmadiev-bayan-makhsatkhyzyn-reppen-zherden-alyp-zherge-saldy-261251
Сондай-ақ Жан Ахмадиевтің бұл қылығын жабайылыққа теңеушілер қатарында әріптесі Тимур Балымбетов те бар.
«Если честно» бағдарламасының жүргізушісі:
«Азамат ретінде айтарым, бұл істі тиісті орындар қарап жатқанына үміттімін. Бұл «адам», есімін де атағым келмейді.
Ол тек қана қоғамның жиіркенішін туғызуда.
Қазақстанның азаматтарын әйелдерге шабуылдап, оны желіге жүктеуге шақыруда. Міндетті түрде бір шара қолданылу керек», – деп жазды.
https://kaz.365info.kz/zhezokshelerdi-sabagan-zhan-ahmadievtin-ozi-zhauapkha-tartyluy-mymkin-308090
Айта кетейік, қазір Жан Ахмадиевтің ісін полицейлер тексеріп жатыр. Бірнеше күн бұрын заң қызметкерлері оның ісі дәлелденіп, жапа шеккен жеңіл жүрістілер арыз жазса, Ахмадиевтің 21 күнге қамалуы мүмкін екенін жазған болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=BmIMOdxGbVY