Қытайдағы Global golden chart awards салтанатты кешінде Димаш Құдайберген «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Сахнаға шыққан Димаш өзіне тиесілі сыйлықты алғанымен, ән орындай алмайтынын айтты. Тіпті желіде былай деп те жазды:
«Global golden chart awards марапаттау салтанатында мен «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атандым. Белгілі себептерге байланысты бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерімді көрсете алмадым. Аладағы уақытта барлықтарыңызды жаңа әндеріммен қуантатын боламын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет! Dears! Сіздерді жақсы көремін!»,-деді қазақстандық әнші өзінің Инстаграмдағы жазбасында.
Бірақ көрермен көңілін қимай тұрғанын айтқан Димаш ауырыңқырап тұрса да музыкасыз ән айтты. Ауырып тұрғанын көрген көрермендер шошып кетті, одан әнді тоқтатуын сұрады. Олар сүйікті әншісі дауысын жоғалтып немесе бүлдіріп ала ма деп қатты қорқып жылады.
https://kaz.365info.kz/shymkentten-aperem-sabit-abdikhalykhov-dimashkha-kelin-tauyp-beretinin-ajtty-297879
Марапаттау рәсімі 27-қаңтарда Бейжіңдегі «Жұмысшылар» стадионында өткен. Музыкалық шараны Қытай, Сингапур, Малайзия және АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының ақпараттық агенттіктері бірлесіп жыл сайын ұйымдастырады.
https://www.youtube.com/watch?v=V4U3rDCDTfg