Той бизнес дамымаса, тоқтап қалмасы анық. Осы ретте, әншілердің де жұмыстары алға жүрмесе, доғармасы хақ. Бітпейтін тойға қажеттілігіміз қалай өссе, жұлдыздардың да қаламақасы тоқтаусыз өсіп жатыр.
Сонымен, алдарыңызға отандық әншілердің бір тойда алатын қаламақысының мөлшерін ұсынып отырмыз:
Қызыңызды танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ән айтып ұзатсын десеңіз, қалтаңызда екі мың доллар көлемінде ақшаңыз бар ма, қарап алыңыз.
Абай Бегей бір миллион теңгеге кешіңіз керемет қып өткізіп бермек.
Атақты Кешью қыздарының 40 минуттық ән салғаны да миллион екен!
Нұржан Төлендиев бір тойдан төрт мың доллар аламын дейді.
Ерке Есмаханның 40 минуттық әніне дәл осындай қаражат талап етіп отыр.
Мадина Сәдуақасова 4100 долларға қонақтарыңыздың көңілін көтеруге әзір.
Ал, Жазира мен Жанболатты қыз ұзатуға шақырсаңыз, бес мың долларыңызды дайындап қойыңыз.
Қарақат пен Қыдырәлі Болманов жеті мың долларға тойыңызда ән салып бермек.
Дәл сондай жеті мың долларға жандыратын той өлеңдерімен Бүркіт пен Аиша ән сала алады екен.
Ал хит әндердің орындаушысы Қайрат Нұртастың 2-3 өлеңі үшін дәл осындай қаражат төлейді екенсіз.
Ал танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бес сағаттық жұмысын 15 мың долларға бағалап отыр.
Дереккөз: nur.kz