Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Путиннің қаны қайнаған шығар…”. Украина не “бүлдіргенін” білесіз бе?

 

Күні кеше Украина білім саласына қатысты жаңа заң қабылдапты. Осы заңға сай 2018 жылдан елдегі саны азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстардың балалары бесінші сыныптан бастап тек украин тілінде білім алатын болады.

Ал 2020 жылдан бастап елдегі барлық бастауыш сыныптар мемлекеттік тілде, украин тілінде білім беруге көшеді.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Руслан Түсіпбеков (суретте) жазыпты.

Фото Руслана Тусупбекова.

Руслан Түсіпбеков

“Заңда “украин тілі елдегі орта білім беретін барлық оқу орындарына міндетті болады” деген талап тайға таңба басқандай көрсетілген. Ал біз не істейміз? Украиндар бізге қандай ой салуы тиіс? Анығы, ешқандай. Украиндарға қызыға, қызғана қараудан басқа қолымыздан түк те келмейді біздің”, – депті ол.

 

https://kaz.365info.kz/orystar-nege-ketip-zhatyr-boris-barlykh-shyndykhty-ajtty-262222

 

“Түк мандытқан жоқпыз. Өзгелері өз алдына,

әлі күнге дейін тым болмаса қазақтар үшін балаларын қазақ мектебін беру міндетті деген талап қоя алмай отырмыз.

Мектептердегі қазақ балаларының саны мен білсем 90 пайызға жеткен. Өзгелері 10-ақ пайыз. Түсінбеймін. Түсінбей өтетін шығармын…

Неге біз…Жоқ, неге біз мемлекет есебінен өз қазағымыздың бала-шағасын басқа мемлекеттің тілінде оқытуымыз, тәрбиелеуіміз керек? Апырау, Ата заң қайда? Ата заңда не жазылған өзі? “Мемлекеттік тіл қазақ тілі” деп көрсетілген ғой. Қисын қайда?

“Қазақтың балалары тек қазақ мектебінде білім алуы тиіс” деген талапты қашан қабылдаймыз? Кім кедергі бізге? Кім қой дейді бізге? Айтыңдаршы…” деп ашынған екен Руслан Түсіпбеков.

Фото Руслана Тусупбекова.

Өз тарапымыздан…

Бұлай деген Түсіпбековтің желідегі парақшасын шолып шыққанбыз. Орыстілді екен. Орыстілді қазақтың мемлекеттік тілдің сойылын соққаны қалай? Нонсенс емес пе? Жоқ.

Бұл құбылыс. Бұл бетбұрыс. Тілі орысша бола тұра, жан-дүниесі қазақ деп тұратындар көбейіп келеді соңғы жылдары. Бұған қуану керек пе? Әрине. Орыс әлеміне қарсы тұратындардың саны да, сапасы да өсіп жатқанының белгісі бұл.

https://kaz.365info.kz/orystar-a-rahmet-240032

 

Осы арада бір сауал туындайды: Орыстілді қазақтарды өзектен тепкен жөн бе? Жоқ. Түсіпбековтің жазбасы соған дәлел. Соған мысал. Олар бір күнде оралмайды, біртіндеп оралады. Оралып та жатыр.

Олардың көзі ашылған. Көкірек көзі. Кім екенін түсінген. Адасып жүргенін ұғынған. Үйірін табуда. Бұлар үлкен күш. Орыс әлемімен солардың тілінде күреске алатын, олар тойтарыс бере алатын үлкен күш.

Солай…

 

Мақалада ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз