Кемені қарап шыққан сүңгуірлер Каспийдегі ресейлік мұнай танкері кез-келген уақытта жарылуы мүмкін деген шешімге келіпті. Күн ысып кетсе, 550 тонна мұнай әп-сәтте отқа оранады, дейді олар.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Танкер қазір «Песчаный» мүйісінде қайырлап тұр. Оған суға түсушілердің көп жақындауы да жағдайды ушықтырған. Өйткені, кемеге мініп-түсетіндерімен қоймай, үстінде алау жағатындары да аз емес. Дегенмен, жергілікті экологтар жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Танкер маңынан бірнеше рет су сынамасын алған мамандар мұнай өнімдерінің төгілмегеніне көз жеткізіпті. Әйтсе де, жергілікті билікке кемеден мұнайды құйып алу туралы ұсыныс жасалған. Тек, ол оңай шаруа емес екен.
Күн ысыған сайын мұнай буға айналып, болмашы ұшқыннан жарылып кетуі мүмкін. Төтенше жағдай жариялап, кемедегі мұнайды тасып алса болар еді. Бірақ, жергілікті билік неге екені белгісіз, олай етпей отыр,-дейді сүңгуір Алексей Оськин