„Алматы түні„, „Мен ғашықпын„ әндерін дуэт боп орындаған соң Қайрат Нұртас пен ресейлік әнші Нюшаны қосатындар көбейген. Осыған қатысты Қайрат ашық ойын айтып, өз пікірін білдірді.
«Нюша – өте ақылды, еңбегі зор әнші.
Басында орыс қызы табиғаты басқа шығар деп ойлағам. Бірақ Нюша өте еңбекқор, тәрбиелі қыз болып шықты. Тұштаңы жоқ, ішпейді.
Қарап отырып сүйсінесің. Нюшаға: «Алматы түні» деген әнім бар, дуэт жазсақ қалай болады?» деп айтқанымда: «Болды, бір ауыз сөзің», – деп айта салды, ештеңе сұраған да жоқ.
Ал енді қарап отырсаңыз, соның арқасында қанша қазаққа танымал болып, қазір нанын жеп жатыр.
Содан кейін Нюшаны қанша адам жақсы көріп қалды, Қазақстанға тойға келіп жатыр. Құдай оған бақ берсін деп тілеймін. Бәрі көріп тұр оның еңбегін, шынайылығын. Біз Нюша екеуміз жақсы дос боп қалдық», – дейді Қайрат ағынан жарылып.