Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болғанмен, салқын болады.
Солтүстік және орталық облыстарда түнде үсік жүреді, дүйсенбіге қарай ауа температурасы күрт өзгеріп, күн жылына бастайды деп хабарлады Қазгидромет.
Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен жаңбыр болмайды, бірақ кей жерлерде ауа-температурасы түнде 1-3 градусқа аяздап, үсік жүреді.
Оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, осы кезеңнің нормасына жуық және жоғары болады деп күтілуде.