Биыл Сочиде өтетін «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан Рүстем Жүгінісов өнер көрсетеді.
«Мен «Жаңа толқын-2017» халықаралық ән байқауында финалға шықтым. Сіздерге бұл туралы хабарламастан бұрын, Мәскеуге кетіп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Тосынсый жасағым келді. Менің арманым орындалды», – деп жазды Рүстем Жүгінісов өзінің Instagram парақшасында.