Димаш Құдайбергенов желі арқылы тың жаңалығымен бөлісті.
Ол жуырда тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантпақ.
«Жуырда жаңа ән – жаңа фильм. BattleOfMemories әніне саундтрек күтіңіздер! 06/04/2017 жаңа бейнебаян!» – деп жазады ол тизердің тұсына.
Аталған бір минуттық видеоны бір тәулік болмай жатып, 88 мыңнан астам көріп үлгерген екен. Әдеттегідей оған бірнеше тілде пікір қалдырылған.