Оңтүстіктің ресми органдары Түлкібас мәслихатының депутаттары арасында болған төбелеске қатысты түсініктеме берді.
Облыс прокуратурасы халық қалаулыларының арасындағы төбелесті растады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Әріптесімен әкімдіктің ішінде төбелескен ОҚО-ның депутаты Өтепбай Мәткәрімов әріптесі Айтбек Меңлібековты ұрып жықпағанын, тек қорғанғанын айтқан болатын. Ал жағы сынып, көзі шыққанын үстелге не терезеге ұрып алса керек, деп түсіндірген.
Тергеу барысында Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы Өтепбай Мәткәрімов әріптесі аудандық мәслихат депутаты Айтбек Меңлібековты жеке бас араздығына байланысты ұрғаны, соның салдарынан Меңлібаевтың миы шайқалғаны және көзі көгергені анықталыпты.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Сенімді ақпарат көзінен алған мәлімет бойынша, Мәткәрімов мырза осыған дейін Айтбек Меңлібековтың ұлын ұрып жыққан. Ол кезде де іс насырға шауып, екі жақ біраз дауласқан деседі. Сайтымызға берген сұхбатында депутат бұл жайды растады. Тек оқиғаның осыдан он жыл бұрын болғанын айтты. Ол кезде, елдің арқасында қайта достастық, деп қысқа қайырды.
https://kaz.365info.kz/ariptesinin-zhagyn-syndyrgan-bokser-deputat-syhbat-berdi-255598