Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов телефон арқылы ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен сөйлесті деп хабарлайды Ресейдің сыртқы саясат мекемесінің баспасөз қызметі.
«18 наурызда өзбек тарабының бастамасы бойынша, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов телефон арқылы сөйлесті», – делінген хабарламада.
Тараптар Өзбекстан президентінің Ресейге ресми сапарын талқылаған. Мұнан бөлек екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін сөз еткен.
2017 жылдың сәуір айында Шавкат Мирзияев Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында екі ел президенті еңбек миграциясы, денсаулық сақтау, аймақааралық ынтымақтастық, туризм мәселелері көтеріледі деп күтіледі.