Астана студенттерінің жатақхана жетіспеушілігі мәселесі оңай шешілетін болды.
Сенатор ЭКСПО-2017 көрмесі өткен соң бос қалатын кейбір нысандарды Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттеріне беруге ұсыныс жасады деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Бұл ұсынысты бейсенбі күні жалпы отырыста сенат депутаты Владимир Редкокашин жеткізді. Оның сөзіне сүйенсек, “Астана” медициналық университеті мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұжымдарының кездесуі барысында студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге көмек сұралған екен.
“Біздің пайымдауымызша, бұл мәселені шешу үшін “Астана EXPO – 2017″ халықаралық көрмесі аяқталған соң босайтын кейбір тұрғын нысандарын Астанадағы медициналық университет пен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, елорданың басқа да ЖОО-на Студенттер үйін жайғастыруға берген жөн”, — деп түйіндеді өз сөзін Редкокашин.