Бір рет тұрмыста болған актриса алғашқы қателігінен үлкен сабақ алған. Сондықтан Айгүл Иманбаева өнер азаматтарына жігіт ретінде қарай алмайды.
Бұл туралы ол КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Иә, аузы күйген үрлеп ішеді. Алғашқы некесі сәтсіз аяқталғандықтан, Иманбаеваның әртіс жігіттерден көңілі қалған. Сондықтан да ол болашақ жарының басқа саладан болғанын қалайды.
Оның бұл пікіріне әнші Өмірқұл Айниязов та қосылды.
“Эстрададағы қыздардың бірде-бірін әйелім ретінде көре алмаймын”, – дейді ол.
Дереккөз: stan.kz