Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-12
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

«Белсіз еркектің бірі менмін…» Моншадағы бейтаныс қазақтың әңгімесі

710

Бойдақ кезімде бизнеспен айналыстым. Жаман болған жоқ. Ақша су болып ағып келіп жатты. Не істеймін? Жастықтың желігімен армансыз қыдырдым. Түнгі клубтардың тұрақты клиенті болдым. Аптасына бірнеше рет саунаға барып жүрдім. Әрине, жалғыз емес. Айналам толы қыз-келіншек. Алматының жезөкшелері өз алдына. Сол жезөкшелермен жын-ойнақ жасап жүріп, бірнеше мәрте жыныс ауруымен ауырдым. Жастықтың желігімен жүріп дұрыс емделмеген сияқтымын. Соның кесірін енді көріп жатырмын. Бала жоқ. Төсекте қабілетсіз болып қалдым. Бұл не? Түсінбедім. Талай дәрігердің алдын көрдім. Ішпеген дәрім қалмады. Тәуіптерге де бардым. Солардың кейбірі: қыз-келіншектердің назасына, көз жасына қалғансың. Солардың қарғысы деседі.

Кім білсін? Ақшаның буымен жүріп, талай қызды төсекте ырықсыз көндірдім. Енді сол жүрістің кесірін тартып отырмын», – деп ол күрсініп қойды.

Әйелім көңілдес тапты. Оған да көндім

– «Енді қайтпек ойың бар. Бала асырап алу немесе жасанды жолмен ұрықтандыру тәсілін пайдаланып көрмедіңдер ме?» дестік.

«Қайдам? Қазір әйелім менен жеріп жүр. Өйткені менен еш қайыр болмайтынына көз жеткізген сияқты. Оны да түсінемін. Не бала жоқ, не төсекте қызық көрмесе, ләззат алмаса не өмір? Онсыз да он жылы өтті ғой. Соңғы кездері жұмыстан жай келетінді шығарды. Төсектеде жеке жататын болдық. «Ана подружкамның туған күні, мына подружкамның баласының бір нәрсесі болды», деген сылтау көбейді. Не істеймін оған? Мейлі, қыдырсын. Жүрсін. Жүрегім сезеді. Бір көңілдес тапқан сияқты. Мейлі, оған да көндім. Маған қарап қашанғы жас өмірін өксітеді? Ендігі менің жалғыз жұбанышым арақ болды. Осыны ішкен кезде ғана көңілім жайланады. Өзгеше күй кешемін. Басқа жұбаныш болатын не қалды? Мұны сендерге не үшін айтып отырмын, аз да болса сабақ болсын деп. Қыдырмаңдар, жүрмеңдер демеймін. Жассыңдар. Жүр, ойна, күл. Бірақ әр нәсенің шегі болсын. Белге сақ болыңдар. Қызбен жүру осы екен деп, көрінген тесікке сұққылай беруге болмайды. Айнала толы түрлі инфекциялық ауру. Қазіргі кезде жыныстық жолмен берілетін 20-25-ке жуықтай ауру бар екен. Бір жұқтырдың, одан құтылу қиын. Ғаламтордан оқыдым, Қазақстандағы ерлердің 30 пайызы белсіз дейді. Сол 30 пайыз белсіз еркектің бірі менмін. Не істеймін? Білмеймін».

Осыны айтқан бейтаныс еркек көзіне келіп қалған жасты бір сүртіп, орнынан тұрып кетті. Біз не дейік? Не ақыл айтайық?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз