Дереккөздің мәліметінше, әнші Палван Халмурадов заңсыз валюталық операция жүргізген деп айыпталып отыр. Осыған дейін тағы бір танымал түркімендік әнші Назир Хабибов сотталған.
Әнші Палван Халмурадовқа қатысты алып-қашпа сөздер ол сахнадан жоғалып кеткеннен кейін пайда болды. Мұнан басқа танымал әнші бірнеше жыл бойында теледидардан көрінбей жүрді. Оған сахнада өнер көрсетуге рұқсат бермеген. Оған себеп Халмурадов соңғы жылдары діни тақырыпта ән айта бастаған.
Осының алдында тағы бір түркіменстандық әнші Назир Хабибов өткен жылдың қазан айында есірткі сақтады деген айыппен 15 жылға сотталған (кейбір деректер бойынша 12 жыл ).