Депутаттар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын нарықты монополиялап алды деп айыптады. Сондықтан премьер-министр мен Ұлттық банктың төрағасынан бұл саланы қайта бәсекелес ортаға беруді сұрап отыр.
Бұл туралы КТК хабарлады.
Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:
– Монополиядан бас тартып, нарыққа жеке жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта әкелу керек. Сөйтіп адамдарда таңдау құқығы болмақ. Бәсекелестік орнап, ақшасын көңілінен шыққан қорға салатын мүмкіндігі болады.