Ыстамбұлда полиция 2017 жылдың 1 қаңтары күні түнде Reina клубында оқ жаудырып, атыс ұйымдастырғандардың сыбайластары деп күдік келтірілген екі адамды ұстады.
Haberturk хабарлағандай, тұтқындалушылар Ыстамбұл сотына жеткізілген.
Еске сала кетейік, Түркия мегаполисіндегі Reina түнгі клубына шабуыл жаңа жылдың түнінде жасалды. Автоматпен қаруланған лаңкестер клубты күзетіп тұрған полицейді атып, оның ішінде болған 700 адамға қарсы оқ жаудыра бастаған. Түркия ІІМ дерегіне сүйенсек, 39 адам қаза тауып, 70-тен астамы жарақат алды. Жаңа жыл түнінде орын алған оқиғадан 13 елдің өкілдері зардап шекті.