Қапшағай қаласының орталығында орналасқан жаңажылдық шыршаның өртеніп жатқандығы туралы әлеуметтік желіде видео пайда болды.
“Қапшағай қаласы. Жаңажылдық шырша өртеніп жатыр” дейді видеоны түсіруші.
Кейіннен ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Қапшағай қаласында шыршаның өртенгені туралы ақпаратты растап, бұл оқиғаның 31-желтоқсанда орын алғанын айтты.