Түркия мен Германиядағы қазақстандық туристерге көп жиналатын жерлерден бойын аулақ ұстап, өте сақ болуға кеңес берілді.
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
Иғалидың айтуынша, зардап шеккендер ішінде қазақстандық туристердің бар-жоқтығы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне мәлімет келіп түспеген.
„Туризм индустриясы департаменті Германияда жүрген қазақстандық туристерге көп жиналған жерден бойын аулақ ұстап, өте сақ болуға кеңес береді„ деп жазылған жазбада.
Еске сала кетелік, кеше – 19-желтоқсанда Анкарада Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловты атып кетті. Мәскеу мұны террорлық акт ретінде бағалады. Карловты атқан адам қарулы қақтығыс кезінде мерт болды.
“Туризм индустриясы департаменті Түркияда жүрген қазақстандық туристерге көп жиналатын жерлерден аулақ болып, тіркелген жерінен алыс кетпеуге кеңес береді”, – деп жазады Иғали.