Оңтүстік Корея парламенті дауыс беру қорытындысы бойынша ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жариялады.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Хан Мин Гу ел президенті Пак Кын Хеге импичмент жарияланғандықтан барлық қарулы күштерді аяғынан тік тұрғызып, кез келген жағдайға дайын болуға бұйрық берді, – деп хабарлайды РИА Новости.
Президентті биліктен кетіруге Пак Кын Хе мен оның бұрынғы танысы Цой Сун Сильдің айналасындағы жемқорлық дауы себеп болған. Танысы байланыстарын пайдакүнемдік мақсатта қолданып, мемлекеттік істерге президент пен оның әкімшілігі арқылы араласқан делінеді.
Енді импичмент бекітілеуі тиіс немесе Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты оны кері қайтаруы тиіс.