Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сауданы еліміздің Сыртқы істер министрлігіне беруді ұсынды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Біреулер экспортпен айналысуы тиіс. Үкімет сауда қайда, инвестиция қайда болуы керектігін айқындауы тиіс. Мұнымен кім айналысады? Мүмкін Сыртқы істер министрлігі Австралия, Канада және басқа да елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар. Ал Индустрия министрлігі индустриямен айналысуы қажет қой. Егер инновация болса, онда инновациямен. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Әтпесе, іс өнбейді. Біз өзіміздің өте маңызды жұмысымызды үзіп алмауға тиіспіз», – деді Елбасы.