Сәлеметсіздер ме, қыз келіншектер! Кімге айтарымды білмей сіздерге жазып отырмын! Осыдан 8 ай бурын мені бір жігіт алып кашып кетті. Танысқанымызға бір-ақ ай болса да мені қатты ұнаттым деп алып кетті.
Сөйтіп үйлендік. Қазір аяғым ауыр. Тек мені бір қатты мазалайтын нәрсе оның телефонынан қыздар жазған көп смс-тер көрем, бөтен номерлер, ондай жағдайлар жиі болып кетті!
Куйеуіме тағы жыладым, сонда да еш жауап жоқ сенен басқа ешкімім жок дейді болды…Сол күні астымнан қан кетіп қалды қатты ашуланғаннан. Сөйтіп енеме не болғанын бәрін айттым бірінші рет емес үнемі осындай нәрселер көп болады деп?!
Ал енем болса “сендерді көре алмайтындар көп, солардың біреуі шығар деп істеп жүрген…балаңды ойла” деді маған. Қазір шынымды айтсам үйде көңіл күйім болмай жүреді. Тағы да сол әңгімені бастасам сол айтатын сөзі ешкімім жоқ деп ашуланып ғана қояды болды! Сұрай берсем ажырасам деп айтама деп қатты қорқам! Тек қана есіме түссе болды жылай берем, Не істерімді білмеймін?!
Аноним
ДЕРЕККӨЗ: Алаш айнасы