ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың атауын өзгертуге қажеттілік жоқ екенін айтты.
Бұл туралы Қазақстан Президенті ресейлік журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлады Tengrinews.kz.
“Мен мұнда тұрып жатырмын, бәрін естіп отырмын. Не деп жатқандарын, Интернетте не жазып жатқандарын жақсы білемін. Бұл үшін жауап беруге де тура келген. (…) Бұл – бренд. Сондықтан қала атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада ХХІ ғасырда алғаш рет ЕҚЫҰ өтті. Қысқы Азия ойындарын қабылдап алдық. Енді EXPO-2017 көрмесі өтеді. Мұның барлығы Қазақстанмен байланысты, бірақ барлық жерде Астананың аты аталады. Енді оны өзгертудің қажеті қанша?”, – деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсетуді ұсынған болатын.