“Мұхаммед: Алланың елшісі” (“Мұхаммад Расулаллах”) деп аталатын иран режиссері Маджид Маджидидің фильмі Душанбеде көрсетіледі. Бұл жөнінде Тәжікстанның Кинематографистер одағының төрағасы Сафар Хакдодов хабарлады.
Оның сөзінше, фильм әзірге тек мәдени өкілдердің шағын ортасында көрсетіледі.
Маджид Маджиди тәжік әріптестеріне құрмет білдіріп, фильмді екі күн ғана көрсету үшін Душанбеге жіберген.
Фильмде VI-ғасырдағы оқиға көрсетіледі. Картина – пайғамбардың балалық шағы туралы. Фильмді түсіру жұмыстары 2007 жылы басталған.
“Мұхаммед: Алланың елшісі” фильмінің түсіру жұмыстарына голливудтық мамандар, атап айтқанда Оскар жүлдесінің иегері, италияндық оператор Витторио Стораро мен композитор Алла-Раха Рахман қатысқан.