Ақтөбелік кәсіпкерлер желтоқсан айының соңына дейін мерекелік жеңілдіктер жасамақ.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 300-ден астам тауар түріне 20-дан 40 пайызға дейін жеңілдік болады деп хабарлады Хабар-24 телеарнасы.
«Мерекелік жеңілдіктер» акциясына қаладағы 50 ірі кәсіпорын қатысады. Олардың арасында халыққа қызмет көрсететін нысандар да бар. Қонақүйлер мен мейрамханалар көрсетілетін қызмет бағасын 20 пайызға дейін арзандатады.
Зәуреш Еркінәлинова, кәсіпорын директоры:
– Торт пен шоколадтан жасалған өнімдерге 10 пайыз жеңілдік болады. Жалпы, біздің кәсіпорын 300-ден астан өнім түрін шығарса, соның жүзіне жеңілдік жасадық. Осы акция арқылы тұрақты тұтынушыларымызға ризашылығымызды білдірсек дейміз. Себебі, 25 жыл ішінде кәсіпкерлер мемлекет пен халықтың қолдауы арқасында өз істерін дамытып, аяқтарынан нық тұрды.