Қар барысы қырғыз халқының дәстүрі мен тарихында қасиетті мәнге ие, ол — еркіндік пен тәуелсіздіктің белгісі. Осылай деп Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте Snow Leopard Trust халықаралық ұйымының атқарушы директоры Майкл Деспинеспен кездесу барысында айтқан.
«Ирбис – біздің халықтың белгісі. Ол қырғыздар үшін өте киелі. Бұл қасиетті жануарды және оның эко жүйесін сақтау мемлекетіміз үшін маңызды», – деген Атамбаев.
Кездесу кезінде 2017 жылы Қырғызстанда өтетін қар барысын сақтауға арналған саммитке дайындық жұмыстары да талқыланған.
Ғаламдық экологиялық қордың мәліметі бойынша, Қырғызстанда 250-300-дей қар барысы болса, әлем бойынша 3 мыңнан 7 мыңға дейін сақталған.