ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтауда зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтты. Министрдің айтуынша, қыз балаға барлық қажетті ем қолданылып, көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл туралы today.kz хабарлайды.
Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда, оны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.
Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы беттен табылған. Ол дереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді. Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.