Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Чекті сиктиңыз!». Centercredit — қазақ халқын басынған банк екен

178

Сонда дейміз-ау, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері бұл банк осындай масқара чекпен Қазақстан тұтынушыларын қорлап-масқаралап келген бе?

Тіпті, банк Қазақстан нарығына бертінде – 2000 жылдары келді десек-тағы, әйтеуір қандай нарыққа келгенін нақ білетін білдей банк неге мемлекеттік тілге бұлайша жүрдім-бардым қарайды?

Нақтырақ айтқанда, қаржылық әлеуеті шектеулі шағын бір фирма болса жарайды, түрлі деңгейде менеджер, маркетингтік маманы сынды жандайшаптары бар білдей банктің тіл мәселесіне сорақылық жіберіп қойып, қарап отырғаны қалай?

Жарнамасына қарасаңыз, “банк дәстүрлі құндылықтарды қастерлейді” дейді.

Ал өзі қызмет етіп отырған елдің дәстүрлі тілін қастерлеудің орнына, оны қорлап, өз саясатын өздері жоққа шығарып, масқара болып жатқандарында шатақ жоқ секілді.

Рахметтің орнына Шихметті, Өтінеміз дегеннің орнына Өтішеміз дегенді көрсетіп, барша әлеуеттің басын қатырып қойғаны. Бұл өзі қай тілде?

Өзге тіл деп өзімізді алдауратайық десек, тіптен келмейді. Бізде заң бойынша қызмет көрсету қолданысында үш тілге ғана жол беріледі: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын.

Демек, бұлай өз-өзімізді алдамай-ақ қоялық.

Бұл – банктің ашықтан-ашық қазақтарды қорлағаны, өзі жұмыс істеп, ақша тауып отырған мемлекеттің ана тілін аяқ-асты етіп, бетіне түкіргені.

Ендеше қоғамда үлкен дау туғызып, көптің құқығын таптап, ар-ожданына тиген бұл мәселенің құзырлы орындар анық-қанығын біліп, банкті жауапқа тартады деп сенеміз. Ал банк өз тарапынан бұл мәселеге қатысты БАҚ арқылы жауап беруі керек деп есептейміз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз