Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Твиттердегі жеке парақшасында британдық боксшы Келл Брукпен өтетін жекпе-жегіне дайындық барысы туралы жазды.
«Мен Брукпен жұдырықтасу үшін күн үзбестен дайындалып келемін. Мен шоуға дайындалып жатырмын», – деп жазды Г. Головкин.
Головкин – Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.
Осыдан кейін, GGG қараша немесе желтоқсанда тағы бір кездесу өткізбек. Оның ықтимал қарсыластары – Дэниэл Джейкобс, Крис Юбэнк-кішісі және Хильберто Рамирес.