Украинаның бас прокуратурасы Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьевтің Қырымның референдумға дайындығы туралы келіссөз жүргізіп, Новороссияны талқылаған телефондағы сөздерін Интернетке жариялады.
Бұған қатысты мәліметті анықтамақ болған РБК ресейлік агенттігі Затулинмен байланысқа шыға алмағандарын, ал Глазьев ертең хабарласуды сұрағанын мәлімдеді.
Видеода 2014 жылы 27 ақпанында Қырымда атқарушы билік құру туралы Глазьевтің Затулинмен сөйлескен әңгімесі келтіріледі.
„Міне, атқарушы билікті құра бастадық, Аксеновтің мәлімдемесіне сүйенсек, (Қырымның басшысы – Сергей Аксенов) үйлестіруші кеңес құрылуда.
„Кмырикті„ ешкім ұмытпайтындай болуы керек, жалпы көшедегі адамдар тарқасып кетіп жүрмесін, өйткені Аксеновке көп ешкім сене бермейді.
Көшеде тұрған жігіттер осы атқарушы билікке өз адамдарын тықсын„ – дейді Украина прокуратурасы Глазьев деп тапқан адам. Ал Затулин өз кезегінде бұл процеске ат салысатынын айтады.
2014 жылдың 6 наурызы деп белгіленген әңгімеде Глазьев пен қазіргі Қырымның басшысы Сергей Аксенов Қырымда референдум өткізуді ұйымдастыру мәселесін сөйлеседі. Онда Глазьев референдум бойынша қамтылған мәселелер дұрыс жасалмай жатқанын, өйткені көп адам „Украинаның құрамында„ деген сөзге дауыс бермейтінін айтады. Бұған Аксенов былай жауап қатады:
– Біз Украина үшін дегенге ешкімнің дауыс бермейтінін жақсы білеміз, онда біздің жігіттер бар, бес топ құрдық, Мемлекеттік думамен келісілген деп әртүрлі ұйымнан арнайы дайын материал әкелген сіздің отандастарыңызды отырғызып қойдық.
Ал 2014 жылдың 28 ақпанындағы Глазьев пен Затулин арасындағы әңгімеде жаппай заңбұзушылықты және Одесса мен Харковь облыстары территориясындағы облыстық әкімдікті басып алуды қаржыландыру мәселесі талқыланады.
– Басқа өңірлер туралы да айта кетейік: біз Харковті, Одессаны қаржыландырдық… Ол арада енді қомақты сома: 2 мың, 3 мың.
Менде қазір 4 өтініш жатыр, Чалый 50 мың гривнаға қол қойған, – дейді Затулин.
2014 жылдың 1 наурызында белгіленген әңгімеде Глазьев Анатолий Петрович деген ер адамға бұйрық береді:
– Запорожье неге үнсіз жатыр? Онда біздің 1,5 мың адам бар. Олар қайда, казактар қайда?..
Маған барлығын, барлық халықты көтер деген бұйрық берілген.
Халық алаңға шығып, өздерін бандершілерден қорғауды өтініп, Ресейден көмек сұрауы керек, – дейді Глазьев.
Еске сала кетелік, 2014 жылдың 16 наурызында жартылай аралдағы референдумнан соң Қырым Ресейдің құрамына енген болатын. Киев мұны құптамады, Ресейді Қырымды басып алды деп айыптады. Мәскеу бұл айыпты бірнеше мәрте жоққа шығарды.
Ескерту: YouTube-тегі арнадағы видео осы мақала шыға салысымен жойылып кетті!
Сергей Глазьевтің Қырымның референдумы мен Новороссияны талқылаған телефондағы әңгімесі мына жерде: 112.ua