Олардың үшеуі оппозициялық “Мұра” партиясының белсенділері, ал біреуі – “Жаңа Армения” қозғалысының мүшесі. Оппозиция жақтастары билікті қоғам белсенділерін қудалады деп айыптап, жаппай тәртіпсіздіктер үшін полицияға кінә артып отыр.
Оппозиция шеруіне қатысушылар мен полицияның қақтығысынан екі тараптың өкілдері де зардап шеккен еді. Митингте бірнеше журналист, солардың ішінде Азаттық радиосының тілшісі жараланды.