Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанаты шеруінде жүріп өтті. Дәстүр бойынша, шеруді Грекия құрамасы бастады. Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жаппаров көтеріп шықты.
Жалпы шеру кезінде 200-ден астам елден келген 12 мыңға тарта спортшы мен команда өкілдері жүріп өтті. Қатысушылар соңында барлығы бір-бір ағаштан отырғызып, олимпиадалық саябақтың көркеюіне үлес қосады.
Жалпы, Рио Олимпиадасына Қазақстан намысын қорғауға 104 спортшы келіп отыр.
Олимпиада ойындарын елімізде 3 телеарна арқылы тамашалай аласыздар. Олар – Қазақстан ұлттық арнасы, Хабар және KAZsport. Үш телеарна спорттық сайыстардың көрсетілімін өзара бөлісіп алған. Мысалы, Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатын трансляциялау Хабар теларнасының еншісіне тиесілі.