Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Керекуде қоғамдық көліктердегі жол ақысы қымбаттады

Әуелде жолақыны 60 теңгеден 80 теңгеге бір-ақ көтеру ұсынылған. Алайда, мәслихат депутаттары тұрғындар пікірін ескере келе, 10 теңгелік өсімді қабылдап, дауыс берді. Бұл автобустар мен бағыттағы таксилерге қатысты.

Ал трамвайдағы билет құны 5 теңгеге өсті. Жаңа жылдан соң қоғамдық көліктің бұл түрінде де тариф өзгеруі мүмкін. Айта кетсек, соңғы рет Павлодарда жолақы құны 2015 жылы көтерілген.

Марат Асылбеков, Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

Жолақының қымбаттауына қарамастан, жеңілдіктер сақталды. Павлодар жеңілдікті категориялар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Әлеуметтік топқа жататын 13 түрлі санаттағы адамдар қоғамдық көліктерде тегін қатынайды. Ал зейнеткерлер мен  оқушылар 50 пайыздық жеңілдікпен жүреді. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз