Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
18
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Шымкентте жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Қызды іздестіру жұмысына қалалық полиция бөлімшесінің барлық жасағы жұмылдырылды. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің барлық бөлімшесіне Айдана Қахраманованың суреті мен белгілері жолданды.

Бүгін, 4-тамызда күндіз Шымкент қаласы ішкі істер департаментіне қарасты Әл-Фараби атындағы полиция бөлімшесінің шұғыл іздестіру жұмысына жұмылдырылған қызметкерлері қызды тапты. Ол аман-есен қаладағы құрбысының үйінде болып шықты. Тәртіп сақшылары 16 жасар қызды ата-анасының қолына табыстады.

Полициядағылар болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз