Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері із-түссіз кеткен 16-жастағы Айдана Кахрамановаға іздеу жариялады.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ата-анасы іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтиже болмаған соң ішкі істер органына хабарлаған. Арыз Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Айдана Кахраманованы іздеуге облыстық ішкі істер департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне бағыттама берілді.
Жоғалған қыздың белгілері: бойы шамамен 150-155 см., дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы иықтан жоғары, қара түсті. Үстінде ақ түсті футболка, қара түсті юбка, аяғына ашық түсті босоножкасы болған.
Егер 16-жастағы Айдана Кахраманованы көрген-білгендер болса, полицияның 102 немесе 8-771 883 30 13, 97-60-09 телефондарына хабарласуын сұраймыз.
Еске сала кетелік, бүгін оңтүстік астананың тәртіп сақшылары кеше із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткенді тапты. Ол үйінен өз еркімен кеткен болып шықты.