Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
20
USD
476
0.00
EUR
506
0.00
RUB
4.95
0.00

Алматы полициясы жоғалған бойжеткенді тапты

Алдын ала алынған деректер бойынша ол үйінен өз еркімен шығып кеткен. Оқиғаның қалған мән-жайы ары қарай атқарылатын процессуалдық әрекеттер барысында анықталып, дәлденеді», – дейді жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижелерімен таныстырған Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Естеріңізге салсақ, 1998 жылы туылған азаматша Ж. Ерманованың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы арыз 2-тамызда түскен болатын. Ол Сотқа дейінгі тергелетін істердің бірыңғай тізіміне тіркелді. Жоғалған азаматшаны іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында криминалдық және жергілікті полиция қызметі бөлімшелері қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары жоғалған бойжеткеннің өмір салтын зерделеп, құрбыларымен және таныстарымен сөйлесіп, оның соңғы күндерде кіммен араласқанын, жақын болғанын анықтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз