АҚШ Ливиядағы “Ислам мемлекеті” (ИМ) террористік ұйымы орналасқан жерге осы елдің өтініші бойынша, БҰҰ-ның қолдауымен әуе шабуылдарын жасады. Ливия үкіметі содырларды Сирт қаласынан қуып шығу үшін АҚШ-тан көмек сұраған.
“Бірінші әуе соққылары Сирттағы белгіленген жерлерге жасалды. ИМ-нің айтарлықтай мүшелері жойылды”, – деп мәлімдеді Ливия премьер-министрі Фаиз Сарадж мемлекеттік телеарналар арқылы.
“Ислам мемлекеті” экстремистік тобы Сирт қаласын өткен жылы басып алып, ИМ-нің Сирия және Ирактағы негізгі базасы еткен.