Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың ешкімде жоқ көлігін көрсетті. Мұнымен қатар, тұңғышының әзілге құмар екенін де айтып өтті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Биыл Қайрат Нұртас өз елінде демалуды жөн көрген. Ол, тіпті, фирмалық кәуап әзірлеп, тыңдармандарын өзі демалып жатқан кешенге шақырған болатын. Аталған демалыс орнында әнші жағажайдағы тәртіп сақшыларының көлігін мінген. Мұнымен қатар, дыбыс таратушы құрылғыдан ән салған.
Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі мұны әншінің ерке қылығы деп бағаласа, екіншілері жағдайы жоқ адамдарға көмектесуге кеңес беріп жатты.