Алматыда биылғы жылдың басынан бері заңсыз айналымнан 140 келідей есірткі тәркіленді. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Барлығы заңсыз есірткі айналымы бойынша 326 құқық бұзушылық әрекет анықталды. Олардың ішінде 99 құқық бұзушылық әрекет есірткі саудасына байланысты. Заңсыз айналымнан барлығы 139 келі 288 грамм есірткі заттары алынды. Олардың ішінде героин – 12 келі 445 грамм, гашиш – 4 келі 639 грамм және басқа да есірткі заттары – 122 келі 201 грамм.